Қостанай ЖТ бөлімшесі бойынша астық тасымалдау жөніндегі ақпарат
Қазан айында Қостанай жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша шамамен 297,7 м...
Ағымдағы жылдың 10 сәуірінен бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның эксплуатациялық локомотивті деполарында көктемгі комиссиялық тексеру басталды. Жыл сайынғы іс-шараның мақсаты - жазғы тасымалдаулар кезінде локомотив шаруашылығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету. Бұл пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелік шаралардың бірі.
Биылғы жылы тексеру коронавирустық инфекция бойынша күрделі эпидемиологиялық жағдайда өтуде, сондықтан жұмысшыларды қорғау мақсатында арнайы шаралар қабылданды. Теміржолшылар маска, қолғаптар киіп жұмыс істейді, локомотивтерде, депоның барлық үй-жайларында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі, жиналыстар, кездесулер барынша қысқартылды, техникалық сабақтар онлайн-режимінде өткізіледі.
Комиссиялық тексеру кезінде пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін локомотивтердің барлық тораптарының, тетіктерінің, құрылғыларының сенімділігі, жарамдылығы және жұмысқа қабілеттілігі тексеріледі. Локомотивтердің өртке қарсыжағдайына, арнайы құрал-саймандарының болуына ерекше назар аударылады. Жабдықтар тиісті мәдени және санитариялық-гигиеналық жағдайға келтіріледі.
Локомотивті деполарда тексеру жүргізу үшін арнайы комиссиялар құрылды.
Көктемгі комиссиялық тексеру 31 мамырға дейін жалғасады.
Қазан айында Қостанай жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша шамамен 297,7 мың тонна астық тиелді немесе 4,3 мыңнан астам вагон жөнелтілді. Қа...
Қазан айының 21 күні Қостанай және Ақмола жүк тасымалы бөлімшелерінің желісі бойынша 604,4 мың тонна биылғы астық жөнелтілді. Қазақста...
Қазан айында Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша 216 мың тоннадан астам биылғы астық тасымалданды, оның 84% (180 мың тоннадан ...