Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Даңқты машинист – Аралдың құрметті азаматы
1156 / 24.02.2020 00:00

Даңқты машинист – Аралдың құрметті азаматы

Еңбек Қызыл Ту және Ленин ордендерінің иегері, даңқты машинист Бөлекбай Бектұрғанов Арал ауданының құрметті азаматы атанды.

Аты аңызға айналған Бөлекбай қарияның даңқын асыратын бір белгі бар, ол оның «За без аварийный пробег на локомотиве 1000000 км» деген төсбелгісі. Яғни, ол – 1957-1986 жылдар арасындағы 27 жылда бірде-бір рет апаттық жағдайға жол бермей, миллион шақырым жол жүрген машинист. Бүкіл Одақ бойынша осындай ерлік жасаған отызыншы адам ретінде Теміржол министрлігінің локомотив шаруашылығы жөніндегі Бас басқармасының бастығы П.Кельперистің қолынан жоғарыдағы марапатты алған.

Бөлебай машинистің ерлікке пара-пар ерен еңбегі сыр елінің теміржолшылары арасында күні бүгінге дейін аңыздай айтылады және бірінен екіншісі қызықты. Мәселен, 1961 жылы екі секциялы тепловоздың бірі істен шығып, 35 шақырымдық жолды жалғыз секциямен 3250 тонналық салмақтағы жүк пойызын алып жүруі ерлік емей немене?!

1934 жылдың шілде айында Қарақұмның Дөңгелек Сор қойнауында дүниеге келген Бөлекбай ақсақал 1950 жылы 16 жасында Сексеуіл локомотив депосында слесарь болып еңбек жолын бастаған екен. 19 жасында машинист М.Маренковқа көмекшісі болып алғаш сапарға шығады.

– Ол заманда броньмен соғыстан қалған өте тәжірибелі теміржолшылар Ж.Жүсіпов, М.Рзағазиев, И.Афанасев, Т.Жүсіповке алты жыл көмекші болып жұмыс жасадым, солардан көп нәрсе үйрендім. Жұмыс істеп жүріп Қазалы техникалық училищесін оқып, машинст мамандығын алып, алдымен көмекші, кейін машинист болдым. Абыройсыз болмадым, осы еңбектің арқасында Құрметті теміржолшы атанып, 12 мәрте басшылықтың алғысы мен төрт рет ақшалай қомақты сыйлық алдым. Орынбор теміржолы басқармасының құрмет тақтасына суретім ілінді, – дейді аудан халқының құрметіне бөленген Бөлекбай қария.

– Арал ауданының құрметті азаматы атанған Бөлекбай Бектұрғанов атамыздың еңбек жолы келер ұрпаққа мәңгі үлгі-өнеге, ол кісі – біздің мақтанышымыз, – дейді Қызылорда ЖТ бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Өмірзақұлы.

Поделиться:
Популярные новости
193 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

47 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

71 / 22.04.2024

Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жіберді

Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының тоғыз аймағындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа 50 вагон гуманитарлық көмек ж...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер