Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
 «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ 5 млрд. теңгені Ұжымдық келісім-шарт бойынша міндеттемелерін жүзеге асыруға бағыттады
955 / 17.02.2020 00:00

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ 5 млрд. теңгені Ұжымдық келісім-шарт бойынша міндеттемелерін жүзеге асыруға бағыттады

Білікті де кәсіби кадрларды ұстап тұру және тарту үшін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне Ұжымдық келісім-шарт шеңберінде әлеуметтік пакет қарастырылған. 2019 жылы Ұжымдық келісім-шарт бойынша міндеттемелерін жүзеге асыруға шамамен 5 млрд. теңге бөлінді.

Әлеуметтік жеңілдіктер теміржол көлігімен жүру құның төлеуді, мерейтойлық датаның келуімен байланысты материальдық көмекті, ерекше балалары, 3 және одан көп оқушы-балалсы бар қызметкерлерге материальдық көмекті, зейнетке шығатындарға бір реттік берілетін жәрдемақыны және өзге де төлемдерді қамтиды.

Теміржолшыларға қазақстандық шипажайларға жолдамалар беріледі. Бұл ретте тек 10 пайызын ғана қызметкер төлейді, ал қалғаның – жұмыс беруші. Балалар сауықтыру орталықтары мен лагерлерде балалар жазғы демалыстарын өткізеді.

Локомотив бригадалары 57 жасқа толуы бойынша зейнет жасы жеткенге дейін салалық жәрдемақыға шығуына болады.

Бүгінгі таңда аталған құқығын екі мыңнан астам адам пайдаланды. Жыл сайын Қоғам барлық локомотив деполарына салалық жәлдемақы төлеміне 2,2 млрд. астам теңге бөліп отыр.

2020 жылы тағы 320 машинист пен машинист көмекшісі салалық жәрдемақыға шығады деп күтілуде. Ұжымдық келісім-шарт бойынша еңбек өнімділігін, тиімділікті ынталандыратын міндеттемелерді қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындар өсетін болады.

Тек ағымдағы жылы әлеуметтік төлемдер 8,7 млрд. теңгеден астам көлемде жоспарланған.

Ұжымдық келісім-шартта қарастырылған кепілдіктер мен өтемақылар, жеңілдіктердің үлкен бөлігі еңбек заңдылығында көрсетілген теміржолшыларға белгіленген деңгейден тыс беріледі, бұл акционерлік қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін айғақтайды.  

Поделиться:
Популярные новости
193 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

46 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

67 / 22.04.2024

Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жіберді

Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының тоғыз аймағындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа 50 вагон гуманитарлық көмек ж...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер