Бейнеу станциясындағы ТЧЭ-6 Маңғыстау филиалының ДОЛБ ғимаратының күрделі жөндеуі аяқталды
Еңбек жағдайларын жақсартуға арналған жоспарлы іс-шаралар аясында Бейнеу станц...
Қостанай эксплуатациялық локомотив депосының локомотивінің машинисті Сергей Болбат республикалық «Үздік машинист» байқауында екінші орынға ие болды.
Ол теміржолға 2006 жылы 19 жасында ұзақ жылдар бойы машинист болып жұмыс істеген әкесінің ізімен келді.
Сергей өзінің еңбек жолын машинист көмекшісі ретінде бастады. 2009 жылдың шілде айынан бастап Тобыл-Қостанай, Тобыл-Қарталы, Тобыл-Күшмұрын бағыттарында өз бетінше пойыздар айдап бастады.
- Маған мұндай техниканы басқарған ұнайды. Машинист мамандығында ең маңызды қасиет – кез-келген жағдайда тыныштық сақтау, жылдам дұрыс шешім қабылдау. Және, әрине, өз ісін жақсы білуі керек, дейді ол.
Сергейдің Егор есімді ұлы бар. Ол қазір 4 жаста, және қазірден әкесі сияқты пойыз жүргізуді армандайды.
«Үздік машинист» салалық байқауына бірінші кезеңнің 30 жеңімпазы, барлық өңірлік теміржол бөлімшелерінің эксплуатациялық локомотив депосы жүргізушілері қатысты.
Байқауға кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар және жыл бойы пойыздық және маневрлік жұмыста ақау жібермеген кез-келген біліктілік санатындағы машинисттер жіберілді. Байқаудың соңғы кезеңі тестілеу жолымен үш кезеңде бойынша өтті.
Байқауға қатысушыларды бағалаудың негізгі критерийі - олардың негізгі нормативтік құжаттар бойынша техникалық білімі: Техникалық пайдалану ережелері, Пойыздардың қозғалысы мен маневрлік жұмысы бойынша нұсқаулық, Сигнал беру және байланыс бойынша нұсқаулық, Жылжымалы құрамның тежегіштерін пайдалану бойынша нұсқаулық, локомотив бригадаларының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттер тәртібі туралы бұйрық және т.б.
Еңбек жағдайларын жақсартуға арналған жоспарлы іс-шаралар аясында Бейнеу станциясындағы ТЧЭ-6 Маңғыстау филиалына қарасты локомотив қауіпсіздігі...
2025 жылғы 9–11 шілде аралығында Ақтөбе қаласында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалдары мен Орталық аппаратының қызметкерл...
Астана қаласында триатлонның әуесқойлары мен кәсіпқойларын бүкіл ел бойынша жинаған ауқымды Astana Triathlon Half сайысы өтті. Қатысушылар арасы...