Бейнеу станциясындағы ТЧЭ-6 Маңғыстау филиалының ДОЛБ ғимаратының күрделі жөндеуі аяқталды
Еңбек жағдайларын жақсартуға арналған жоспарлы іс-шаралар аясында Бейнеу станц...
2018 жылдың 7 желтоқсанында Ташкентте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов «Узбекистон темир йуллари» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Фазлитдин Сагдуллаевпен теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастықты дамыту, Сарыағаш- Келес шекара өткелінің өткізу қабілетін арттыру туралы келіссөздер жүргізді.
Өзбек темір жолдары және одан әрі қарайғы бағытттар бойынша жүк ағымдарының артуына байланысты пойыздардың берілісі қиынға соғып, вагондар айналымы айтарлықтай нашарлады.
Осы мемлекетаралық түйіскен бекет арқылы күн сайын кем дегенде 26 жұп жүк вагондарын қабылдау және өткізуді қамтамасыз ету туралы келісімге қол жеткізілді (2017 жылы 17 пойыз, қазан-қараша айларында 21 жұп). Жылжымалы құрамды тиімді пайдалану, вагондар айналымын қысқарту үшін тараптар барлық қажетті шаралар қабылданады, соның ішінде вагондарды қалыптастыру, өңдеуін жылдамдату және алдын-ала ақпараттандыру жоспарларына өзгерістер енгізу және т.б. Жол бөлімшелерінде жедел штабтар құрылды.
Сонымен қатар, теміржолдық контейнерлік тасымалдаулар саласындағы ынтымақтастықты дамыту, жүк пойыздарын қалыптастырудың ағымдағы жоспарына өзгерістер енгізу мәселелері қарастырылды. Астық және ұн тиелген вагондардың бір бөлігін Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды теміржол бөлімшелерінің станцияларынан, белгіленген Сарыағаш өткелінің орнына, Оазис өту бекеті арқылы Галаба станциясына қайта бағыттау туралы шешім қабылданды.
Тараптар ҚР мен ӨР аумақтары арқылы транзиттік жүктерді тасымалдау үшін бәсекеге қабілетті тарифтерді қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру туралы уағдаласты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.
Еңбек жағдайларын жақсартуға арналған жоспарлы іс-шаралар аясында Бейнеу станциясындағы ТЧЭ-6 Маңғыстау филиалына қарасты локомотив қауіпсіздігі...
2025 жылғы 9–11 шілде аралығында Ақтөбе қаласында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалдары мен Орталық аппаратының қызметкерл...
Астана қаласында триатлонның әуесқойлары мен кәсіпқойларын бүкіл ел бойынша жинаған ауқымды Astana Triathlon Half сайысы өтті. Қатысушылар арасы...