Бейнеу станциясындағы ТЧЭ-6 Маңғыстау филиалының ДОЛБ ғимаратының күрделі жөндеуі аяқталды
Еңбек жағдайларын жақсартуға арналған жоспарлы іс-шаралар аясында Бейнеу станц...
Жалпы ұзындығы 7 шақырым болатын мемлекеттік шекара – «Т» паркі учаскесінің тар жолақ жолында (1435мм) жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін Алтынкөл станциясында технологиялық «терезе» тиімді пайдаланылды.
Бұрын мұндай жолдарды жөндеу жұмыстары қолмен орындалатын, алайда қазір ауыр жол техникасы – ҚХР өндірісі болып табылатын түзеуіш-тесулік-шекімелеуіш Duomatic машинасы қолданылады. Техниканың көмегімен аталмыш учаскеде темір жолдың 2 шақырымы жөнделді.
«Біз, Хоргос станциясының теміржолшыларымен бірге учаскенің жөндеу жұмыстарын ойдағыдай орындадық. Бұл біздің түйісуші бекетте пойыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалады. Қытайлық және қазақстандық сарапшылар барлық бұрандамаларды қысып, шегелерін шегелеп, жолдың толық жоспарлы түзетілімін жасады. Барлығы сапалы деңгейде орындалды», - дейді Алтынкөл станциясының бастығы Жандос Ұнтақбаев.
«Екі шекаралық станцияның ынтымақтастығы жүк операцияларына оң әсерін тигізді. Қытай жағы пойыздардың салмақтық нормасын 5 мың тоннаға дейін көтерді, ол бұрын 3 мың 200 тоннаға дейін ғана мүмкін болатын», - деді Ж.Ұнтақбаев.
2018 жылдың басынан бері Алтынкөл станциясынан 770 контейнерлік пойыз жіберілді. Өткен жылы мұндай пойыздар саны 420 болатын.
Еңбек жағдайларын жақсартуға арналған жоспарлы іс-шаралар аясында Бейнеу станциясындағы ТЧЭ-6 Маңғыстау филиалына қарасты локомотив қауіпсіздігі...
2025 жылғы 9–11 шілде аралығында Ақтөбе қаласында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалдары мен Орталық аппаратының қызметкерл...
Астана қаласында триатлонның әуесқойлары мен кәсіпқойларын бүкіл ел бойынша жинаған ауқымды Astana Triathlon Half сайысы өтті. Қатысушылар арасы...