Құрметті әріптестер!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер...
Сороковая станциясында № 328 жолаушылар пойызын, «Ерментау-Көкшетау», «Астана-Қарағанды» электр пойыздарын күтуге арналған пункт жұмыс істейді.
Бұрын жолаушылар пойыздарды сыртта немесе станция әкімшілігінің ғимаратында күтетін. Пункт ыңғайлы орындықтармен, дыбыстық хабарландыру функциясымен жабдықталған.
«Біз күту пунктін өз күшімізбен жабдықтадық. Біздің ғимараттың бірінші қабатында тауар кассирлері жүк жөнелтушілермен жұмыс жасайды. Бұл үрдіс өз пойыздарын күтіп тұрған жолаушылар, және жүктерді жөнелту үшін құжаттар рәсімдеуші клиенттер қабаттасқанда күрделене түсетін. Сондықтан да біз осындай күту залын аштық», - дейді станция бастығы Дастан Онбеспаев.
«Бұл өте ыңғайлы. Пойызға, әдетте, 20-30 минутқа бұрын келесіз. Енді мұнда кез-келген қолайсыз ауа-райында пойызды күтіп тұруға болады. Теміржолшыларымызға халыққа көңіл бөлгені үшін рахмет», - деді, өз кезегінде, ауыл тұрғыны, зейнеткер Роза Шахманова.
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...
Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...
Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының тоғыз аймағындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа 50 вагон гуманитарлық көмек ж...