Қостанай ЖТ бөлімшесі бойынша астық тасымалдау жөніндегі ақпарат
Қазан айында Қостанай жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша шамамен 297,7 м...
Жол бөлімшелерінің алаңдарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған ақпараттық-түсіндірме кездесулері өткізілді. Еңбек ұжымдарында еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасы Президентінің алдымызға қойған міндеттері, көлік және логистика саласының оларды шешудегі рөлі талқылануда.
2018 жылдың 22-23 қазан аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның құқықтық мәселелер жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары Рүстем Хасеновтың төрағалығымен, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның корпоративтік қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі Бас директорының орынбасары - Әділжан Исмухамбетовтің қатысуымен Көкшетау қаласындағы Ақмола жол бөлімшесінде және Атбасар станциясындағы өткен кеңейтілген мәжілістерде Қазақстанның 2050 жылға дейін әлемнің ең дамыған 30 еліне кіруі - стратегиялық мақсатына жету бойынша Жолдаудың басым бағыттары анықталды.
- Біздің ортақ мақсаттарымызға жетуіміздің табыстылығы көп жағдайда әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі мен саналылығына, оның ішінде атқарылатын жұмыс сапасы мен тиімділігіне, біліктілігін арттыруы, жаңа білімге ұмтылуына байланысты», - деді А.Исмухамбетов.
Кездесу барысында ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмысшылардың әл-ауқаты мен табысының жақсаруына, бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Осылайша, қаржы мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын жалақы деңгейін көтеру бойынша шаралар қабылданады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Компания қызметкерлерінің жалақысы 10% -ға артты.
- Талдау көрсеткендей, Компания қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы деңгейде сақталып отырғанын және Қазақстан бойынша орташа айлық жалақыдан 10% -ға жоғары екендігін көрсетті, - деп атап өтті спикер.
Сондай-ақ, еңбек ақы қоры бойынша үнемдеуді пайдалану есебінен салалық бәсекелестік қағидаты бойынша рейтингтік бағалау нәтижелері бойынша үздік нәтижелер көрсеткен желілік филиалдар қызметкерлеріне тоқсан сайын сыйақы беру практикасы жалғасатын болады. 2017 жылы Компанияның желілік филиалдарының теміржолшыларына жалпы сомасы 671,2 млн. теңге 2018 жылдың 1-ші және 2-ші тоқсандарының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 872 млн. теңге сыйақы төленді.
Елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды қамтамасыз ету аясында көлік секторы шешуші рөл атқарады. Ұлттық жүк тасымалдаушы экспорттық жөнелтулерді жетілдіру, мультимодальды схемаларды дамыту жөніндегі іс-шаралар бойынша жұмыстарды жалғастырады, өйткены бұл қазақстандық экспорттың географиясын едәуір кеңейтеді.
Сондай-ақ, Жолдауды жүзеге асыру аясында Мемлекет басшысының өңірлік және жаһандық жобаларды және интеграцияны жүзеге асыру бойынша тапсырмалары орындалатын болады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ ЕАЭО кеңістігінде көлік процестерінің белсенді қатысушысы ретінде теміржол әкімшіліктерімен, шетелдік серіктестермен және клиенттермен ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады.
- Транс-Қазақстандық дәліздердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және Мемлекет басшысының транзиттік контейнерлік пойыздар көлемін 2020 жылы 2 млн. ДФЭ-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмаларын орындауға үшін біз барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», - деді А.Исмухамбетов.
Мемлекет басшысының Жолдауында әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Кездесуге қатысқан теміржолшылар білім беру сапасын көтеру, өмір сүру деңгейін арттыру, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, жайлы өмір ортасын құру мәселелеріне үлкен қызығушылық танытты.
Кездесу соңында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның Корпоративтік қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі бас директорының орынбасары Компания қызметкерлері Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді бірлесіп жүзеге асыратынына сенім білдірді. Өз кезегінде, теміржолшылар оларды іске асыру үшін барлық күш-жігерін салатынына сендірді.
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
Қазан айында Қостанай жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша шамамен 297,7 мың тонна астық тиелді немесе 4,3 мыңнан астам вагон жөнелтілді. Қа...
Қазан айының 21 күні Қостанай және Ақмола жүк тасымалы бөлімшелерінің желісі бойынша 604,4 мың тонна биылғы астық жөнелтілді. Қазақста...
Қазан айында Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша 216 мың тоннадан астам биылғы астық тасымалданды, оның 84% (180 мың тоннадан ...