ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздік...
Ағымдағы жылдың 8-9 қазанында Достық (Қазақстан) және Алашанькоу (Қытай) теміржол станцияларында Қазақстан, Беларусь және Қытай теміржол әкімшіліктерінің транзиттік әлеуетін барынша арттыру үшін Шығыс-Батыс-Шығыс бағытындағы жүк тасымалы логистикасы бойынша үшжақты келіссөздер жүргізілді. Белоруссия теміржолы бастығының бірінші орынбасары Игорь Шилов басқарған делегацияға Трансазия теміржол желісі бойынша халықаралық тасмалдарды қамтамасыз етудегі негізгі байланыстардың бірі Достық-Алашанькоу шекара өткелінің инфрақұрылымы мен қуаты көрсетілді.
Күн тәртібінде Қазақстан, ҚХР және Белоруссияның транзиттік әлеуетін барынша пайдалану үшін жағдай жасау, сондай-ақ Қазақстан-Қытай теміржол дәліздерін транзиттік тасымалдау үшін тартымдылығын арттыру мәселелері талқыланды.
Белоруссия теміржолының мамандары Еуропалық және Орта Азия бағыттарындағы барлық контейнерлік тасымалдау тізбектері үрдісімен танысты, осы бағыттағы жүктерді тасымалдаудың барлық циклын қарастырды, жүк тиеу алаңдарын қарап шықты және Достық-Алашанькоу шекара өткелінің барлық заманауи халықаралық стандарттарға сай келетініне көз жеткізді. ҚХР-Еуропа-ҚХР бағытындағы контейнерлік тасымалдаулар үнемі оң серпінге ие екендігін атап өтті.
Мысалы, үстіміздегі жылдың 9 айында ҚХР-Еуропа-ҚХР бағыты бойынша контейнерлік пойыздар саны 1,4 есеге, кері бағытта - 1,8 есеге өсті. Достық станциясының контейнерлік жүктер бойынша өңдеу мүмкіншілігі тәулігіне 760 ДФЭ, ал Алтынкөл станциясы тәулігіне 5000 ДФЭ-дан асады.
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін жетілдіру бойынша іс-шаралар өткізе отырып, станциялардың техникалық мүмкіндіктерін үнемі жетілдіріп отырады, бұл станциялардың тиімділігін арттырады, - деп атап өтті «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Бас директорының маркетинг және кешенді тасымалдауды жоспарлау жөніндегі орынбасарының м.а. Сағындық Жұмабаев.
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...
Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...