Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ-Жүк тасымалс» АҚ қызметкерінің жобасы инновациялық және білім беру тренингінің қорытындысы бойынша үздік деп танылды
1258 / 11.10.2018 12:47

«ҚТЖ-Жүк тасымалс» АҚ қызметкерінің жобасы инновациялық және білім беру тренингінің қорытындысы бойынша үздік деп танылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да аймақтық инновациялық және білім беру тренингі өтті. Оған компанияның орталық аппаратында жұмыс істейтін жүзге жуық жас қызметкерлер қатысты. Іс-шара жастардың әлеуетін дамытуға, жобаларды әзірлеу және рәсімдеуге, жұрт алдында сөз сөйлеуге дағдылануға, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Тренинг қорытындысы бойынша «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның отын-энергетика ресурстарын реттеу және бақылау департаментінің 2-ші деңгейдегі менеджері Рустам Сабитов «Станция бойынша локомотивтің манервлік жұмысын  есепке алу жүйесі» үздік жобасы үшін дипломмен марапатталды.

Жоба авторы бұл техникалық шешім станциялардағы маневрлік локомотивтердің жұмысын бақылауға, дизель отынын үнемдеуге және вагондарды жеткізу мен тазалау бойынша қызметтер бойынша табыстарды арттыруға мүмкіндік береді деп есептейді.

- Біз әрбір локомотивке есептегіштер (ридерлер) және тұйыққа кіретін жерде RFID белгішелерін орнатуды ұсынамыз. Бұл құрылғылар ақпарат алуға және оны жүйеге жіберуге мүмкіндік береді, оның негізінде маневрлік локомотивтердің жұмысына бақылау жүргізіледі, олардың орналасқан жері талданады, -дейді Рустам.

Аталмыш жоба республикалық байқауға ұсынылады.

Рустам Сабитовтың темір жолда жұмыс істеп жатқанына 4 жыл. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін машина жасау мамандығы бойынша, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын инженер-техник мамандығы бойынша аяқтады.

Тренинг Компанияның Қызметкерлерді бағалау және дамыту орталығының негізінде «Жобаларды басқару», «Болашақ басқарушылар» бағдарламалары бойынша іскерлік ойындар, ой-талқылаулар, командалық жұмыстарды қолдана отырып, шығармашылық «хакотон» форматында өткізілді.

Мұндай іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп жатыр.

Поделиться:
Популярные новости
33 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

225 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

158 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер