Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолшылар Түркістанның эксплуатациялық локомотив депосында мектеп оқушыларына экскурсия  өткізді және қауіпсіздік туралы әңгімеледі
1276 / 04.10.2018 09:46

Теміржолшылар Түркістанның эксплуатациялық локомотив депосында мектеп оқушыларына экскурсия өткізді және қауіпсіздік туралы әңгімеледі

Түркістан қаласының №10 орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары эксплуатациялық локомотив депосында болды. Оларға экскурсияны эксплуатация бойынша депо бастығының орынбасары Мыңғали Аблаев жүргізді.


Іс-шара «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ өткізетін теміржолдағы жарақаттанудың алдын-алу жөніндегі республикалық акция аясында өткізілді.


Бастапқыда балаларға депо жұмысының технология туралы айтып берді, өңірдің теміржол тарихы туралы нақты баяндайтын сирек құжаттар сақталатын депо мұражайының экспонаттарымен таныстырды.


Сосын оқушылар 2TЭ10M сериялы тепловоз бен  Л-3992 сериясындағы паравоз кабиналарында болды, онда олар өздерін машинист рөлінде сезінді. Аталмыш техника депо аумағында орнатылған. Балалар локомотив бригадаларының рейс алдындағы дайындығы және локомотивтерге техникалық қызмет көрсету қалай жүргізілетінін көрді.


Тәжірибелі машинистер теміржолдағы мінез-құлық тәртібі туралы әңгімелеп берді және пойыз қозғалысы аймағындағы жауапсыз мінез-құлықтың қауіп-қатерінің қандай екендігін мысалмен түсіндірді, сондай-ақ қауіпсіздік ережелері бойынша жаднама табыстады.


Мұндай алдын-алу іс-шаралары жақсы дәстүрге айналды, олардың басты мақсаты пойыз қозғалысы аймағындағы жарақаттану мен жазатайым оқиғаларды болдырмауға жол бермеу болып табылады.


- Экскурсияның басты мақсаты – білім алушылардың кәсіби бағдарлануы, теміржолдағы мінез-құлық нормаларын түсіндіру, жолдардағы балалар жарақаттарының алдын алу. Мұндай кәсіби бағдарланған және профилактикалық іс-шаралар болашақта өткізілетін болады, - деді М. Аблаев.


Экскурсиядан балалар шабыттанып қайтты. 10-сынып оқушысы Алихан Есболған болашағын темір жолмен байланыстыруға шешім қабылдады.


- Бүгін бізге машинист мамандығы туралы айтты. - Біздің аталарымызға паровоздарды басқару қиын болған, енді олардың орнына заманауи локомотивтер келді – деді ол.


Теміржолшылар темір жолдар, инфрақұрылымдар қауіптілігі жоғары объектілер болып табылатынын еске салады. Бұл балалар ойнайтын орын емес. Ата-аналар балаларға темiр жолда жүру ережелерiн түсiндiруге ерекше назар аударуы керек.

Поделиться:
Популярные новости
28 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

220 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

139 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер