Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Атбасар, Ақкөл, Володарские теміржол станцияларының бастықтары Ақмола жүк тасымалы бөлімінде үздік атанды
1467 / 25.09.2018 17:13

Атбасар, Ақкөл, Володарские теміржол станцияларының бастықтары Ақмола жүк тасымалы бөлімінде үздік атанды

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінде «Теміржол станциясының үздік бастығы» атағына кәсіби шеберлік сайысы өтті.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жариялаған Станция бастығының жылы аясында өткен конкурстың мақсаты станция менеджерлерінің білімдері мен дағдыларын жетілдіру, шығармашылық бастаманы дамыту және озық тәжірибемен алмастыру болып табылады.

Байқау барысында үміткердің кәсіби және жеке қасиеттері, станцияны басқарудың теориясы мен тәжірибесі білімі бағаланды, сайып келгенде  мұның бәрі пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Теміржол көлігінде пойыздардың қозғалысы және маневрлік жұмысы, теміржол көлігіндегі дабыл беру, темір жол көлігінің техникалық пайдалану ережелері, өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттары сияқты нормативтік құжаттарды білуі бағаланды.

Конкурстың қорытындысы бойынша бірінші орын Атбасар станциясының бастығы Серік Қайниденовке, екінші орын - Ақкөл станциясының бастығы Ғалымжан Ержановқа, үшінші орынды - Володарское  станциясының бастығы Алмаз Кенжекеевке берілді.

- Менің барлық әріптестерім темір жолда көп жылдар үлкен тәжірбие жинақтаған. Байқау жоғары деңгейде өтті, қатысушылар станциядағы жұмысын жақсарту үшін көптеген пайдалы ақпарат алды. Конкурстың барлық сатыларын мүдірмей өтіп, басшылығымды, өзімнің тату және ұйымшыл ұжымымды ұятқа қалдырмағаныма қуаныштымын, - деді С. Қайниденов.

Атбасар станциясының бастығы теміржолда шамамен 15 жыл жұмыс істеп келеді. Жүк және багаж қабылдап-жіберуші, станция кезекшісі, пойыз диспетчері, Көкшетау станциясы бастығының орынбасары қызметін атқарды. Екі жыл бұрын Атбасар станциясының бастығы болып тағайындалды.

Байқаудың барлық қатысушылары мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Поделиться:
Популярные новости
182 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

320 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

256 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер