ҚТЖ-да локомотивтердің көктемгі комиссиялық тексерісі аяқталды
Барлық пайдалану локомотив деполарында локомотив паркін жазғы пайдалану кезеңі...
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметтері станциялар мен темір жол бөлімшелеріне көмірдің түсуіне, көмір қоймаларында қатты отынның болуына тәуліктік мониторинг жүргізуде.
Тамыз айында 9 млн тоннадан астам көмір тасымалданған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерге қарағанда 1 млн тоннаға көп, соның ішінде Қазақстанның өз ішінде 6,3 млн тоннасы тасымалданып, бұл да былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9%-ға артық болды.
Соңғы төрт айда халық пен коммуналдық ұйымдар үшін 3,4 млн тонна көмір жеткізілген, ол өткен жылдан 780 мың тоннаға көп.
Сонымен Ақмола облысына 470 мың тоннадан астам көмір жеткізілген, бұл былтырғы көрсеткіштен 195 мың тоннаға артық. Шығыс Қазақстанға – 430 мың тоннаға жуық (+ 166 мың тонна), Алматы облысына – 700 мың тоннаға жуық (+ 230 мың тонна), Қарағанды облысына – 460 мың тоннадан астам (+ 255 мың тонна), Оңтүстік Қазақстан облысына – 600 мың тоннадан астам көмір жеткізілген, соңғысы өткен жылдың аталған мерзімі ішіндегі көрсеткіштен 150 мың тоннаға көп.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жылу электр станцияларындағы тәуліктік көмір қоры ҚР энергетика министрлігі бекіткен нормативтерден асып кетіп отыр.
2018 жылдың басынан бері темір жол бойынша 66 млн тоннадан астам көмір тасымалданған. Ел ішінде 46 млн тоннасы тасымалданып, ол 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5%-ға артық болды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Қазақстан өңірлеріне көмір тасымалдауға қажетті вагондар саны толығымен жеткілікті. Жазғы мезгілде темір жол арқылы көмір тасымалына тариф бағасы көтерілген жоқ.
Тұтынушыларды көмірмен тұрақты қамтамасыз етіп отыру үшін жүк жөнелтушілер нақты өңір үшін болжалды тиелім жоспарын өз уақытында берулері керек. Бұл қатты отынның қалыпты тасымалын қамтамасыз етуге, күзгі маусымдағы қауырт кезеңде дүрбелең туғызбауға мүмкіндік береді.
Барлық пайдалану локомотив деполарында локомотив паркін жазғы пайдалану кезеңіне кешенді даярлау жұмыстары жүргізілді. Көктемгі комиссиялық те...
2025 жылдың алғашқы бес айында Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы теміржол тасымалдарының көлемі 14,2 миллион тоннаға жетіп, өтке...
Сіздердің назарларыңызға «ГалстукOFF» жобасының кезекті шығарылымын ұсынамыз. Бұл жолғы қонақ — локомотив шаруашылығы саласының бас маманы Асан ...