Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰН ЖАҢА ТЕМІР ЖОЛ БАҒДАРЫ БОЙЫНША АУҒАНСТАНҒА ЖӨНЕЛТІЛДІ
1465 / 18.07.2018 17:24

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰН ЖАҢА ТЕМІР ЖОЛ БАҒДАРЫ БОЙЫНША АУҒАНСТАНҒА ЖӨНЕЛТІЛДІ

Үстіміздегі жылдың 18 шілдесі күні Қостанай станциясынан ұн тиелген пойыз Қазақстан және Түркіменстан аумағы арқылы өтетін бағдар бойынша Ауғанстанға жөнелтілді.

Қостанай – Болашақ – Серхетабад (Түркіменстан) бағдарының ұзындығы 3500 километрден асады. Ұйымдастырылған пойыз құрамында салмағы 3300 тонна неттоны құрайтын елуден астам вагон бар.

«Қазақстан әлем бойынша астық өндіруден алдыңғы позицияны иеленеді. Темір жолдың басты мақсаты – ауылдардың ауылшаруашылық өнімдерін, соның ішінде, аталған стратегиялық жүктің уақытылы және сапалы тасымалын қамтамсыз ету. Жаңа бағдар бойынша тасымалды дамыту Қазақстанның транзиттік әлеуетін өсіруге мүмкіндік беріп, айналымды қысқартып және жылжымалы құрамның елге қайта оралуын 2-2,5 есеге жылдамдатады», – деп атап өтті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының операциялық қызмет жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Мұхтар Жамбылов.

2018 жылдың басынан бері экспортқа 4,2 млн тонна астық жеткізіліп, бұл көрсеткіш 2017 жылдың ұқсас көрсеткішінен 56%-ке жоғары болып отыр. 1,2 млн тонна ұн тасымалданып, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 8%-ке артық болып отыр.

Қазақстандық ауылшаруашылығын өндірушілердің өнімдері көбінесе, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Иранға бағытталады.


Поделиться:
Популярные новости
21 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

212 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

127 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер