Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жол бөлімшелерінің Келісім комиссияларының мүшелері оқытудан өтуде
1178 / 04.07.2018 15:29

Жол бөлімшелерінің Келісім комиссияларының мүшелері оқытудан өтуде

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ орталық аппаратында және филиалдарында Келісім комиссияларының мүшелеріне арналған оқу семинарлары өткізілуде. Оқудың негізгі тақырыбы - комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру, қызметкерлердің өтініштерін қарау тәртібі және т.б. Дәріс оқушылар ретінде жоғары білікті мамандар: кәсіби медиаторлар, тәжірибелі заңгерлер шақырылады.

Еңбек кодексінде жеке еңбек дауларын Келісім комиссиялары арқылы міндетті түрде қарау қарастырылған. Келісім комиссиясы қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы ұйымда туындайтын дауларды шешу үшін міндетті сотқа дейінгі орган болып табылады. Осыған орай, Ұлттық жүк тасымалдаушының барлық филиалдарында жұмыс беруші мен қызметкерлердің өкілдерінің тең санынан бара-барлық негізде Келісім комиссиялары құрылды.

- Комиссия мүшелері жыл сайын Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздерін, келіссөздер жүргізу дағдысын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу бойынша оқытылуға міндетті», - деді корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президент Әділжан Исмұхамбетов.

Орталық аппарат Комиссиясы қызметкерлерден бес өтінішті қарады.

Келісім комиссиясы тұрақты орган болып табылады. Ақмола ЖТ бөлімшесі кәсіподақ комитетінің Төрағасы Аман Төреғожин комиссияның барлық туындаған жеке еңбек дауларын қарастыруға құқылы екендігін атап өтті.

- Жыл басынан бері Ақмола бөлімшесіне қарауға үш өтініш келіп түсті, - деді ол.

Семинарлардың соңында тыңдаушылар өздерінің көкейтесті сұрақтарына жауап ала алды.

Поделиться:
Популярные новости
32 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

224 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

154 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер