Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды.
Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-...
Бүгінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлері елімізде ең жақсы санаторияларда өз денсаулығын жақсартуға және демалуға мүмкіндіктері бар. Шипажайларда алдын-алу және емдеу білікті дәрігерлердің қадағалауымен және төмен бағамен жүзеге асырылады. Теміржолшылардың сүйікті емдеу орны - Павлодар қаласынан 19 км қашықтықта өзі аттас көлдің бойында орналасқан «Мойылды» шипажайы, мұнда жоғары минералды саз балшықтар және тұзды су бар. Біз шипажай турлы әсерлерін білу үшін демалушылармен блиц-сауалнама жүргіздік.
Павлодардың локомотив жөндеу депосының мұнай өнімдерін таратушы Гумар Мұратұлы Сәрсеновтың бұл санаторияда алғаш рет оңалту курсы болмуы емес.
- Гумар Мұратұлы, демалысыңыз қалай өтуде?
- Демалыс жақсы өтуде! Мен мұнда қайта келгеніме өте қуаныштымын. Бұл санаторияда емдеу және қызметкөрсету өте ұнайды.
- Жолдамалар туралы қайдан білдіңіз?
- Барлық ақпарат деподағы хабарландыру тақтасында орналастырылады, аптасына бір рет өткізілетін жоспарлы іс-шараларда кадр қызметкерлері демалуға мүмкіндіктер бар орында туралы хабарлайды. Мен санаторийде жыл сайын демалғым келеді, бірақ санаторий-курорттық рұқсаттаманы беру Ережесіне сәйкес сіз екі жылда бір рет бола аласыз.
- Сізге қандай рәсімдер ұнады?
- Емдеу емдік балшық қолдану негізінде өтеді. Маған гальваникалық балшық , балшықты аппликациялар, тұзды сулы ваннаны, магнетотерапия және тағы басқа рәсімдер ұнайды.
- Темір жолда қанша жыл жұмыс істеп жүрсіз?
- 11 жыл.
- Неге осы жолды таңдадыңыз?
- Темір жол - тұрақтылық, әлеуметтік пакет. Сонымен қатар, зейнеткерлікке шыққаннан кейін өз зейнеткерлері туралы ұмытпайды. Ал бұл маңызды.
- Сіздің жұмысыңызда ең бастысы не?
- Шапшаңдық және тыңғылықтылық.
Екібастұз эксплуатациялық вагон депосының жылжымалы құрамын жөндеу бойынша слесарь Сабыр Хасбуранов әйелі Людмила Алексеевнамен бірге демалуға келген. Қазір әйелі құрметті демалыста. Пенсияға шықпастан бұрын олда вагон депосында жұмыс істеген. Оның теміржол көлігіндегі жалпы тәжірибесі - 14 жыл, күйеуі темір жолда екі есе көп қызмет етеді.
- Демалыс тамаша өтуде! Біз осы санаторийге билет сатып алғанымызға өте қуаныштымыз. Бұл жерге біз алғаш рет келуіміз және бәзге емі, өмір сүру жағдайлары, санаторий әкімшілігінің демалушыларға деген қарым-қатнасы өте ұнады.
- Сізге қандай рәсімдер ұнады?
- Динамикалық токтар, гальваникалық балшықтар, балшықтармен аппликациялар, тұзды ванналар, магнетотерапия, тұзды шахталар, Чарткот Шарко душы емдеу процедуралары.
- Жұмыс берушінің есебінен қаншалықты жиі демаласыздар?
- Екі жылда бір рет жолдама ала аласыз, бірақ біздің әрдайым демалысқа қолымыз тие бермейді, отбасымыздың кейбір өз жоспарлары туындап жатады.
- Сабыр Хасбуранович, Сіз теміржолды не үшін таңдадыңыз?
- Темір жол - бұл менің өмірім. Мен тас жолды жақсы көремін, оған тамырымды жайдым десем болады. Жұмысым ұнайды, мен жұмыс берушінің алаңдаушылығын сезінемін, әлеуметтік пакет бар. Сондай-ақ, зейнеткерлікке шыққаннан кейін Ұжымдық шарт барлық жеңілдіктермен толықтырылады.
- Сіздің жұмысыңызда ең бастысы не нәрсе?
- Менің жұмысымда бастысы вагондарға сапалы және уақтылы ағымдағы жөндеу жүргізу және қызмет көрсету.
Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас инженері М. К. Көкрекбаев еңбек қауіпсіздігі ж...
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында «Тіл - мем...
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС компания филиалдарына 36 бірлік жаңа автокөлік сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 7 бірлік жеткізу жоспарлануда. Жолаушыл...