Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да қашықтағы станциялар мен разъездердің қызметкерлері үшін корпоративтік тасымалдау ұйымдастырылды
1507 / 11.06.2018 12:44

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да қашықтағы станциялар мен разъездердің қызметкерлері үшін корпоративтік тасымалдау ұйымдастырылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да қашықтағы станцияларының қызметкерлері үшін корпоративтік тасымалдауды «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымы - «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ ұйымдастырды.

Енді Қарталы, Үшқұлын, Екібастұз, Соқыр, Қаражал, Теңдік, Қарабатано, Құрық-порт станцияларында жұмыс істейтін теміржолшылар жұмыстарына қызмет автокөліктерімен келе және қайта алады.

Теміржол көлігімен Никельтау-Орск, Бейнеу-Қарақалпақия, Ганюшкино-Ақсарай, Қарағанды-Теміртау станцияларының учаскелеріне жеткізу ұйымдастырылды.

«Бұл станциялардың жұмысшылары жұмыс орнына өз беттерінше жететін. Кейбіреулеріне бірнеше ондаған шақырым қашықтық жүріп келуге тура келетін. Көбіне мұндай сапарлар белгілі бір тәуекелге ұшырататын», - дейді «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі вице-президенті Әділжан Исмұхамбетов.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің Қарабатано станциясы Атырау қаласынан 40 км қашықтықта орналасқан. Станцияда 32 адам қызмет істейді, олардың 5-і ауылда тұрады. Қалғандары Атыраудан келеді. Станция операторы Мыра Наукебаева жеті жыл бойы осында жұмыс істейді. Темір жолда жалпы жұмыс істеу өтілі 30 жылдан астам.

- Бұрын мен қоғамдық көлікпен Атырау қаласының шетіне дейін, содан кейін Қарабатано ауылының шетіне, сосын станция ғимаратына дейін 2 шақырым қашықтық жүріп жететінмін. Бір күнде біз жұмысқа дейін және кері бағытта 90 км жер жүріп өтетінбіз. Бір бағытқа қарай жүру бір жарым сағатқа созылды. Бұл әсіресе қыс және күзде қиынға соқты. Қазір бұл мәселе шешілді. Таңертең тағайындалған пунктке жетіп, станцияның барлық қызметкерлерін 45 минут ішінде шағын автобусты жеткізеді. Жайлы, ыңғайлы және ең бастысы, қауіпсіз, - дейді әйел.

Үш жылдан бері станцияда тауарлық кассир болып, үш баланың анасы Жанара Галиева жұмыс істейді. Жақында ғана жұмысқа орналасу жету оған нағыз ерлік болатын.

- Қиындықтар болды. Отбасым алаңдады. Күйеуім жиі телефон соғатын, алаңдайтын, себебі жолда түрлі жағдайлар болып қалуы мүмкін еді. Күніне 2-3 көлікке ауысып мінетінмін, енді бәрі жақсы , - дейді ол.

Карабатано станциясының бастығы Махамбет Маймақов «ҚТЖ» ҰК »АҚ адамдарды жұмыс орнына жеткізуді ұйымдастыру туралы басшылығының шешімінің жақсы жақтарын атап өтті.

«Біздің станцияның қызметкерлері үшін үлкен жұмыс атқарылды. Енді жолға қымбат уақытты жұмсаудың қажеті жоқ», - деп есептейді.


Поделиться:
Популярные новости
51 / 15.01.2025

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған Welcome-тренинг сәтті өтті. Бұл тренинг жаңа қызметкерлердің ұжымғ...

506 / 30.12.2024

Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат

Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...

575 / 27.12.2024

Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді

27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер