Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Орал оқушыларына темір жолдағы мінез-құлық ережелері туралы баяндады
1479 / 24.05.2018 10:30

Орал оқушыларына темір жолдағы мінез-құлық ережелері туралы баяндады

Жазғы демалыстар қарсаңында Орал қаласындағы бірнеше мектептерінде, сондай-ақ Семиглавый Мар, Тасқала, Деткул, Переметное, Белес, Орал-Товарная, Желаево, Пойма, Жайық, Алғабас, Қазақстан, Амангелді және Чингирлау станцияларындағы ауылдық мектептеріңде «Темір жол - қауіпті аймақ» тақырыбында дәрістер оқылды.

Балаларға теміржолдағы мінез-құлық ережелері туралы жол полициясы мен көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірге ЖТ-ның Орал бөлімшесінің өкілдері, станция мен өткелдің басшылары айтып берді.

Әңгімелесу барысында теміржолдағы қауіпті жүріс-тұрыстың әр түрлі жағдайларын және оның қандай қайғылы салдары болуы мүмкін екендігін көрсететін бейнероликтер мен тақырыптық мультфильмдер көрсетілді.

- Біз мұндай кездесулерді оқу орындарында үнемі өткіземіз. Біздің алдымызда теміржолдағы жарақаттар санын азайту тапсырмасы тұр, - деді ЖТ Орал бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің басшысы Қайрат Қаутанов.

Дәріс соңында №45 орта мектептің алтыншы сынып оқушылары Айдос Аққали мен Жанель Талап өз әсерлерімен бөлісті.

- Бізге теміржолға жақын жерде ойнуға болмайтынын сөзсіз түсіндіретін мультфильмдер өте ұнады. Жолдарды тек арнайы төсемелермен бағдаршамның рұқсат етілген түсіне және көпірлермен өту, пойыздың ескерту сигналын естімей қалмау үшін өту кезінде құлаққапты алу керек екендігі, платформада жолдарға тым жақын тұруға болмайтыны және тағы басқалары аталып кетті, - деп балалар ой қорытты.


Поделиться:
Популярные новости
110 / 10.10.2024

Қостанай өңірінде жаңа егіннің астығын үздіксіз тасымалдау үшін барлық шаралар қабылданды

Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша астықты үздіксіз тасымалдау үшін қосымша маневрлік локомотивтер тартылды және станция қызметкерлерінің...

41 / 04.10.2024

Ақмола бөлімшесінде астықты жөнелтудің барлық мәселелері жедел шешімін табуда

Ағымдағы жыл қыркүйек айының қорытындысы бойынша  Ақмола ЖТ бөлімшесі бойынша астық тиеу 419,6 мың тоннаны құрады. Астықтың шамамен 84...

43 / 03.10.2024

Қостанай өңірінен 260 мың тоннадан астам биылғы астық жөнелтілді

2024 жылдың қыркүйегінде Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша 265,2 мың тонна биылғы егін немесе 3,8 мыңнан астам вагон тиелді. Қазақстан б...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер