Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Әр адам білуі тиіс
1571 / 21.05.2018 10:22

Әр адам білуі тиіс

Теміржолшылар ата-аналар мен оқушыларға профилактикалық дәрістер өткізуде.

Жазғы демалыстар қарсаңында теміржолшылар теміржол объектілерінде мінез-құлық ережелерін сақтау бойынша балалар мен ата-аналар арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ –ның техникалық саясат жөніндегі вице-президенті Иван Костыридің айтуынша, барлық жол бөлімшелерінде темір жолдар мен өткелдерде жазатайым оқиғалардың санын азайтуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.

- 2018 жылдың 4 айында эксплуатациялық локомотив депосының машинисттері жолдарда бөтен адамдармен соқтығысуды болдырмау үшін шамамен 700 шұғыл тежеуді пайдаланған. Жыл басынан бері 17 адам қағу оқиғасы болған, олардың төртеуінде кәмілетке толмаған балалар зардап шекті», - деді ол.

Теміржол жолдарына жақын маңда орналасқан оқу орындарында және кәсіпорындарда темiр жолдарда қауiпсiздiк шараларын сақтау туралы бейне-репортаждар бар әңгiмелер мен лекциялар бар.

Биылғы жылдың 15 мамырында теміржолшылар жалпыұлттық ата-аналар жиналысына қатысты, онда ата-аналар комитеттерінің өкілдері теміржол көлігінің жанында және тікелей қалай әрекет ету керектігі туралы түсіндірді.

Елорданың №15 мектебінде бірыңғай ата-аналар жиналысы аясында Астаналық эксплуатациялық локомотив депосының жүргізушілері Еркебұлан Құдабаев пен Аскар Хасанов темір жолда мұқият болуға шақырды, бұл өз кезегінде апаттар санын азайтады.

- Өз өміріңізді қауіп-қатерге ұшыратпау үшін негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Адамдар көбіне 100 метр жолды қысқартқысы келіп, өздеріне ыңғайлы жерде теміржол жолдарын кесіп өтеді, сөйтіп пойыздың доңғалағының астында қалады, - деді Асқар Хасанов.

Мектеп директоры Бауыржан Жаркенов атап өткендей, әрбір ата-ана балаларының тек мектеп бағдарламасының білімін ғана жақсы меңгеруді емес, сондай-ақ тәртіпке үйренуге, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйренуі қажет.

Ақсеңгір, Бурундай, Шамалған, Қапшағай станцияларында ЖТ Алматы бөлімшесінің, станция басшыларының, әкімдіктер өкілдерінің, кәсіподақ жұмысшыларының қатысуымен қауіпсіздік техникасы сабақтары өткізілді.

Теміржолшылар жасөспірімдердің станция паркіне кіріп, локомотивтердің шатырларында селфи жасай отырып, өздеріне елеулі қауіп тудыратынына алаңдайды.

Балалар мен жасөспірімдер тәуекел аймағына кіреді, өйткені олардың энергиясы тасып тұр, ал өзін-өзі сақтау сезімі нашар жұмыс жасайды. Сонымен қатар, виртуалды планетаның белсенді тұрғындары мұның олардың өміріне тұрарлығын білместен, Интернетті өз ісінің дұрыстығын дәлелдеудің қарапайым жолы ретінде көретіндігі туралы теміржолшылар мен көлік полициясы кездесу барысында айтты.

Сондай-ақ, теміржолшылар машинистттердің шұғыл тежеуішті қолданатындығын атап өтті. Жергілікті тұрғындар тарапынан жасалынатын бұзушылықтар бойынша Алматы-Отар, Алматы-Сарыөзек учаскелері ерекше келелі мәселе болып табылады.

Одан соң теміржол көлігінің жұмысшылары темір жолдарды кесіп өту ережелерімен таныстырды. Және «Қауіпсіз жол» ұранымен теміржол көлігі нысандары – вокзалдар, станциялар, перрондар, платформаларда іс-шаралар, рейдтер, патрульдер жүргізіледі.

Көктемгі-күзгі комиссиялық тексерістер кезеңдерінде жергілікті тұрғындар тарапынан бұзақылық әрекеттерге ұшырайтын стендтер, аншлагтар, теміржол жолдарындағы - «Қауіпті алаң», «Сақ болыңыздар», «Габаритті емес орын» тақталары жаңартылады.

Профилактикалық дәрістер Защита станциясында да өткізіледі.

- Біздің қызметкерлеріміз Өскеменнің «Защита» шағын ауданындағы жалпы білім беретін мекемелерде, Шемонаиха, Зыряновск, Серебрянка, Риддер станцияларында, Шалабай станциясында профилактикалық әңгімелесулер өткізеді – деді Защита станциясының ЛОВД әкімшілік полициясы бөлімінің жасөспірімдік полиция тобының аға инспекторы Лариса Бектасова. - Біз жеке қауіпсіздіктің тұрғысынан осал топтардағы оқушыларға назар аударамыз. Олар бесінші-тоғызыншы сынып оқушылары.

Защита станциясындағы ЛОВД жасөспірімдер полициясының инспекторлары «Защита» ықшам ауданының № 22 орта мектебіне барып қайтты, онда басшылықпен бірлесіп темiр жолда кәмелетке толмағандармен жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша тоғызыншы сынып оқушылары арасында «дөңгелек үстел» өткізді. Оларға қауіпті аймақта болу ережелері, темір жол объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайдағы орын алатын салдарлар, сондай-ақ тәртіп бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершіліктер туралы айтып берді. Темір жолда балалардың жарақаттануының негізгі себептері заңдық сауатсыздық, кәмелетке толмағандарға бос уақыттың ұйымдастырылмағандығы және ересектердің теріс тағылымы болып табылатынын атап өтті. Қауіпсіздік мәдениетін дамытудың басым бағыттарын талқылауға ерекше назар аударылды. Оқушылар теміржолдағы қауіпсіздік тақырыбы бойынша шығармашылық конкурстар ұйымдастыру жөнінде өз ұсыныстарын жеткізді.

Сондай-ақ, пойыз қозғалысының қауіпсіздігін және сенімділігін үнемі қамтамасыз ету үшін жолдарды, бағыттамалық ауыстырғыштарды тексеру, халықтың жаппай теміржолдарды кесіп өтетін жерлеріндегі дауыстап сөйлеу байланысының жөнділігі, малдан қорғайтын шарбақтардың, жаяу жүргінші жолдарының (көпірлердің), қауіпсіздік туралы белгілердің болуы тексеріледі.

"Қазақстан темiржолшысы" газеті

Поделиться:
Популярные новости
19 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

381 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

486 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер