ҚТЖ бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
«ҚТЖ» ҰК» А...
Ағымдағы жылдың мамыр айының басында Алашанькоу (ҚХР) шекара бекетінде Қазақстан мен Қытай теміржол әкімшіліктерінің жұмыс кездесуі өтті. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның операциялық қызмет жөніндегі Ввице-президенті Марат Шакенов бастаған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясы Бас директоры Фан Вэйбин бастаған Үрімші темір жолының өкілдерімен бірге 4 айға созылған бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылады, 2018 жылға жүк тасымалдау көлемін орындау бойынша шараларды қарастырды және әзірледі.
Тараптар осы жылдың 4 айының ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33% артып, 3 932 мың тоннаны құрағанын атап өтті. Оның ішінде Қазақстаннан Қытайға 2017 жылғы мәлімделген кезеңмен салыстырғанда 42% -ға немесе 2 434 мың тоннаға артық тасымалданды.
- Қазақстан мен Қытай теміржолдарының жақсы үйлестірілген жұмысының арқасында біз барлық негізгі жүктерді тасымалдау көлемінің қарқынды өсуін байқаймыз. 2018 жылғы қаңтардан сәуір аралығында Достық-Алашанькоу шекаралық өткелі арқылы Қазақстаннан Қытайға 40% астам жүк тасымалданды, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, Алтынкөл-Хоргос шекаралық өткелі арқылы - 3 есеге көп , - деді М.Шакенов.
Делегация басшылығы тасымалдауды ұйымдастыру, жүктердің тізімдемесі, жылжымалы құрамның түрі, ұйымдасқан маршруттар, топтық жөнелтулер бойынша пойыздардың бірқалыпты жеткізілуі бойынша жұмысты күшейтуге келісті. Соның ішінде, жоспарлы тасымалдау көлемін орындау және вагондар айналымының ұлғайту мақсатында күнделікті Достық - Алашанькоу шекара өткелі арқылы - тар жол бойынша кем дегенде 8 құрам, кең жол бойынша кем дегенде 12 құрам; Алтынкөл-Хоргос шекара өткелі арқылы - тар жол бойынша кем дегенде 6 құрам, кең жол бойынша кем дегенде 4 құрам қабылдау мен жөнелтуді орындау туралы шешім қабылданды:
Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар Алашанькоу және Хоргос шекаралық станцияларында тасымалдау құжаттарын өңдеу уақытын бір сағатқа дейін қысқарту мүмкіндігін, сондай-ақ Алтынкөл-Хоргос шекара өткелі арқылы пойыздармен алмасуды ұйымдастыру мәселесін қарастырды. Қатысушылардың пікірінше, бұл шаралар Қытай-Еуропа-Қытай байланысының контейнерлік транзиттік қозғалысының тиімділігін арттыруға және олардың қарқындылығының өсуіне ықпал етеді.
Кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру ша...
ҚТЖ-да биылғы астық пен жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайындық бойынша брифинг болып өтті. Астық тасымалдау 2024 жылдың жеті айында ...
Компания бойынша ағымдағы жылдың шілдесіндегі жұмыс қорытындылары бойынша техникалық жоспарға қатысты барлық пайдалану көрсеткіштерін, яғни сапа...