Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолшылар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетті
2052 / 05.05.2018 17:48

Теміржолшылар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетті

Дәстүр бойынша Ұлы Отан соғысына арналған Жеңіс күнінің қарсаңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның филиалдарында тыл еңбеккерлерін, оқушылар мен студенттерді шақырумен мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Теміржолшылар мен кәсіподақ өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйлеріне барып, азық-түлік себеттері мен материалдық көмек көрсетуде.

- Алдыңғы ұрпақтың ерлігі мен қаһармандығын ұмытуға болмайды. Бұл күні біз қарттарға ерекше қамқорлық көрсетеміз. Теміржолшылар бұрынғы әріптестері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Ұлы Жеңіске үлкен үлес қосқан тыл еңбеккерлері туралы естеліктерін есте сақтайды», - деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Әділжан Исмұхамбетов.

Оның айтуынша, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-да Ұлы Отан соғысының 100 ардагері есепте бар. Жеңіс күніне материалдық көмек пен мерекелік іс-шараларға 12 миллион теңге бөлінді.

Елордалық локомотивтік эксплуатациялық депоның басшылығы мен кәсіби комитеті өздерінің бұрынғы әріптестері, тыл еңбеккерлері үшін салтанатты кездесу ұйымдастырды.

Мерекелік концертте болашақ теміржолшылар, Ақмола көлік және коммуникация колледжінің студенттері өнер көрсетті. Соғыс жылдарындағы әндер жанды тебірентті. Қарт адамдардың өздері де өздерін күрделі соғыс жылдарында рухтандырған әндерді шырқады. Репертуарда - «Катюша», «Смуглянка», кеңестік танкисттердің «Сауытты кепке, біздің танктеріміз жылдам» және т.б. марштар.

Астанадағы эксплуатациялық локомотивтік депоның бастығы Мақсұт Ибраев қарт адамдарды құттықтады.

Ол аға ұрпақ өкілдеріне денсаулық пен ұзақ өмір тілей отырып «Жеңіске жеткізген жанқиярлық еңбектеріңіз бен шыдамдылықтарыңыз үшін, елдің және теміржолдың соғыстан кейінгі дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс сөздерімізді қабылдаңыздар. Сіздер теміржолшылардың жас буыны үшін жауапкершілік пен кәсібилікке үлгі болдыңыздар», - деді.

Астана эксплуатациядық локомотивтік депосы Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Людмила Красноштанова Жеңіс жауынгерлерінің қатары жыл сайын сиреп бара жатқанына өкініш білдірді.

- Жеңіс күні - ерлік символы. Біз отандастарымыздың жауынгерлік ерлігін ұмытпауымыз керек», - деді ол.

Қонақтар арасында 89 жастағы Кира Глинкина бар. Соғыс басталғанда, ол 12 жаста еді. Кира Дмитриевнаның отбасы Ленинград қаласынан алыс емес жерде тұрды. Соғыс кезінде ол анасымен бірге оларға екінші үйі болған Ақмолаға көшірілді. Кира Дмитриевна өз өмірінің 30 жылын теміржолға арнады. Локомотив депо жанындағы химиялық лабораторияның меңгерушісі лауазымымен зернеткерлікке шықты. Оның екі баласы, төрт немересі және жеті шөбересі бар.

Соғыстың барлық қиындықтарын 92 жастағы Анна Федоровна Меренкова да басынан өткізді. Ол елорданың тұрғыны. Оның бүкіл өмірі осы қалада өтті. 37 жыл бойы темір жолда жұмыс істеді. Депода үйлестіруші, тауар кассирі болып жұмыс істеді. Теміржолшы болған күйеуімен бірге 5 баланы тәрбиеледі. Қазір оның 15 немересі және 17 шөбересі бар.

84 жастағы машинист Иван Яковлевич Шепретененко соғыстың алғашқы күнін еске түсірді.

- Менің отбасым Киев облысында (Украина) тұратын. Бізді фашистер қоршап алды. Көптеген адамдарды өлтірілды, тұтқынға алынды, - деп есіне алды.

Иван Яковлевич теміржол мектебін бітіріп, Қазақстанға келді. Мен паравоздарды, тепловоздар мен электровоздарды жүргізді. Ол темір жолда жарты ғасыр жұмыс істеді.

Іс-шара жылы ниетті, достық атмосферада өтті.

Поделиться:
Популярные новости
208 / 27.09.2024

«Еңбектенеміз, жеңеміз, шабыттандырамыз!»

Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет грамоталарын тапсырумен аяқталды. "Бас директор В.Петров темір жо...

788 / 19.09.2024

Санкт-Петербург қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС кызметкерлерін оқытудың 4-модулі бағдарламасының басталуы.

"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарлам...

513 / 13.09.2024

Достық - Мойынты учаскесінде екінші жолдардың ауқымды құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда

Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер