Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Цифрлы теміржол: диджитализация дәуірі
1824 / 22.05.2018 13:08

Цифрлы теміржол: диджитализация дәуірі

Ақтөбеде автоматтандырылған басқару және ақпараттық жүйелер қызметінің мәселелері бойынша семинар-кеңес болып өтті. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі АСУ бөлімінің жауапкершілігімен ұйымдастырылған шара екі күнге жалғасты.

Орталық аппаратпен қатар, ел аумағындағы бөлімшелерден жауапты мамандар қатысқан шараның ауқымы кең болды. Ақтөбе жүк тасымалы АСУ бөлімінің басшысы Алексей Куксоның хабарлауынша, кеңестің мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында теміржол саласындағы диджитализация процесі туралы сөз қозғау, жоспарлармен бөлісіп, проблемалық мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын қарастыру, т.б.

«Жалпы, автоматтандыру жұмысы Ақтөбе өңірінде бұрыннан қолға алынып келеді. Оның үстіне, Ақтөбедегі есептеу орталығының программистері бұл бағытта айтарлықтай нәтижеге жеткен, танымал ұжым. Олар әзірлеген бағдарламалар болат жолдың бойында үлкен сұранысқа ие. Тіпті, ресейлік баламалардан қалыспайды», – дейді Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі автоматтандырылған басқару жүйесі бөлімінің басшысы Алексей Куксо.

Екі күнге созылған семинар барысында цифрландыру аясында қолға алынып жатқан жұмыстар барысы таныстырылды. АСУ бағдарламалары слайд арқылы көрсетілді.

«Бүгінде пойыздар қозғалысындағы дизельді отынды үнемдеуге жол беретін жүйелер қарастырылған. Келісімшарт-коммерциялық жұмыстарды автоматтандыру жақсы жолға қойылып келеді. Теміржол бойындағы қызметтердің ашықтығын, айқындылығын қамтамасыз етеді», – дейді Алексей Куксо.

АСУ бөлімі басшысының айтуынша, цифрландыру алдымен клиенттердің игілігі үшін жасалып жатыр. Бүгінде жолаушылар тасымалы қызметінде де сандық жүйе сатылы түрде енгізіліп келеді.

«Мәселен, қазіргі уақытта жолаушылар пойыздарында жүру құжаттарының 50-60 пайызы ғаламтор арқылы сатылады. Алдағы уақытта оны 90 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Одан теміржол кассалары зардап шекпейді. Бастысы, клиентура үшін қолайлы болғанын қалаймыз», – дейді ол.

Семинар-кеңес барысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-дағы ақпараттық жүйелер жұмысы мен болашағы туралы тақырыптардан өзге транзитті декларация, кедендік заңнама, ақпараттық жүйелер арқылы шетел көлік құралдарын декларациялау, электронды маршрут, т.б. жайттар сөз болды.

Сондықтан тиімділігі мол болған семинар-кеңес жұмысы оған қатысушылардың бәрін қанағаттандырды.

Поделиться:
Популярные новости
10 / 12.06.2025

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің Алматы бөлімшесінде теміржол саласындағы Әйелдер кеңесінің отырысы өтті

Іс-шара аясында өндірістік үдерістерге әйелдердің қатысуын арттыру, басқару саласындағы үлесін кеңейту және корпоративтік мәдениетті дамыту мәсе...

7 / 12.06.2025

Қытай мен Қазақстан арасындағы жүк тасымал көлемі өсуде

2025 жылдың алғашқы бес айында ҚХР мен Қазақстан арасындағы теміржол жүк айналымы 14,2 млн тоннаға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырған...

7 / 11.06.2025

Қазақстанға алғашқы экологиялық тепловоздар жеткізілді

Алматы станциясында КТЖ-мен (Қазақстан темір жолы) ынтымақтастық аясында қытайлық CRRC Ziyang компаниясы әзірлеген CKD6H сериясындағы ТМД кеңіст...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер