ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздік...
«ҚТЖ-Жүк тасымалдау» АҚ-ның орталық аппаратында «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль,әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» - «ҚТЖ-Жүк тасымалы ҚБ филиалы Кеңесінің отырысы өтті. Оған жол бөлімшелері кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қатысты.
Кездесу барысында Корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі вице-президент Әділжан Исмұхамбетов «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық келісімде көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер сақталатындығын атап өтті. Өз баяндамасында ол еңбек қорғау мәдениетін қалыптастыруға және насихаттауға назар аударды.
- Ұйымның еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауға бағытталған мақсатты жұмыс жүргізілуде. Бұл жалақыны көтеру, еңбек және тынығу жағдайларын жақсарту, жастармен және қарт адамдармен жұмысты жетілдіру, - деді ол.
Кадрлық саясаттың негізгі бағыттарының бірі жұмыс орнында салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын құру, қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық жағдайлармен, арнайы киім-кешекпен, арнайы аяқ киіммен қамтамасыз ету.
Вице-президенттің айтуынша, кәсіподақ жетекшілері жол бөлімшелерінде апталық жоспарламалы жиналыстарда проблемалық мәселелерді көтеру керек, осылайша қызметкерлердің мүдделерін қорғайды.
Өз кезегінде «ҚТЖ - жүк тасымалы» - Теміржолшылар кәсіподағы филиалының төрағасы Ермек Төлегенов еңбекті қорғау саласындағы жұмыстар туралы айтты.
Кеңестің отырысы барысында кәсіподақ жетекшілері әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру, жолдың әрбір бөлімшелерінде құрылған Келісім комиссиясының мүшелерін оқыту және т.б. байланысты сұрақтар қойды. Оларға қажетті түсініктемелер берілді.
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...
Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...