Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Станцияларда жаңа технологияларды қолдану тәжірибеcімен алмасты
1420 / 05.04.2018 17:28

Станцияларда жаңа технологияларды қолдану тәжірибеcімен алмасты

Шымкентте «Станцияның технологиялық процесімен байланысты автоматтандырылған басқару жүйелері мен ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі» тақырыбында семинар өтті.

Онда жол бөлімшелерінің өкілдері, Оңтүстік аймақтағы станциялардың қызметкерлері, «Энергодиспетчерлік қызмет» (ЭДҚ АБЖ) және шекаралық станциялар (ШС АБЖ) автоматтандырылған басқару жүйелерінің әзірлеушілер қатысты. Семинар «сұрақ-жауап» форматында өтті.

Семинардың басты мақсаты - автоматтандырылған жүйелерді пайдалануда қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және жетілдіру, қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып жинақталған тәжірибемен алмасу.

Семинарды ашқан «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ ақпараттық жүйелер департаментінің директоры Ирина Савушкина «ҚТЖ» ҰК »АҚ-ның ақпараттық жүйесін 2025 жылға дейін дамыту стратегиясы - «Цифрлық теміржол» туралы айтты.

- 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші индустриялық революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» Жолдауының басымдықтарының бірі көліктік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл мәселе жаңа технологияларды енгізуге, жұмыс процестерін автоматтандыруға, тасымалдау процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық бағдарламаларды әзірлеуге, клиенттерге бағытталған қызметтерді енгізуге байланысты », - деді ол.

Ирина Савушкина, сондай-ақ, жүк қозғалысына ақпараттық жүйені енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Табысты іске асырылған жобалардың бірі - «Энергодиспетчерлік қызмет» автоматтандырылған басқару жүйесі (ЭДҚ АБЖ) болып табылады. Оның басты мақсаты - пойыздардың тарту күштеріне отын-энергетикалық ресурстардың тұтынылуын азайту. 2017 жылы 83 мың тоннадан астам дизель отыны үнемделді. Үнемдеу өлшеу дәлдігін арттыру және автоматтандырылған есеп пен бақылауды қамтамасыз ету, локомотив паркін оңтайлы және тиімді басқаруды жоспарлау арқылы жүзеге асырылады.

- Жалпы алғанда, дизель отынын үнемдеуге қол жеткізу жоспарлануда - кем дегенде 13% және электр энергиясы 7%, - деді «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Отын- энергетикалық ресурстар департаментінің 2-ші деңгейдегі менеджері Рустам Сабитов.

Ақпараттық жүйелер департаментінің 3-ші деңгейлі меңгерушісі Саят Мақсұт 2013 жылдың 1 ақпанынан бастап нақты уақыт режимінде барлық типтегі және сериялы локомотивтердің техникалық параметрлерін жинақтау, жіберу және сақтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

2017 жылғы 1 наурыздан бастап «Машинист маршрутын интеграциялық өңдеу» автоматтандырылған жүйесінің ЭДҚ АБЖ модулі өндірістік пайдалануға енгізілді.

- Бүгінде біз локомотив бригадаларының әрбір рейсі бойынша машинисттің үш миллионға жуық электронды маршрутын (машинисттің сапарын белгілейтін құжат) өңдедік, - деді ол.

Сондай-ақ, ЭДҚ АБЖ жобасын іске асыру шеңберінде, локомотивтердің, бөліктер мен тетіктердің жай-күйін пайдаланудың барлық мерзімінде бақылау процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін жөндеуаралық жүрістерді қадағалау модулі іске асырылды.

Ақпараттық жүйелер департаментінің бірінші деңгейдегі менеджері Әлия Есімханова «Келісімшарттық және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысы туралы әңгімелеп берді.

Қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша жүк жөнелтушілер (23 мыңға жуық жөнелтушілер) ГУ-12 электронды өтінімдерін рәсімдеумен жүк тасымалдауды ай сайын жоспарлауды, сондай-ақ ГУ-11-ді он күндік жоспарлауды жүзеге асырады, жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес жүк тиеуге өтінімдерді түзетудің икемді мүмкіндігі іске асырылды.

- Бүгінде барлық жол бөлімшелерінің жүк жөнелтушілері жүктің автоматты түрде есептелуімен электронды тасымалдау құжатын рәсімдеуді жүргізуде», - деді ол.

ККЖ АБЖ-нде клиенттерге бірыңғай жеке шоттарды, экспедиторлық кодтарды беру және экспедиторлық қызметтерді ұсыну туралы шарттарды жасасуға өтініштерді тіркеуге және тіркеуге мүмкіндік беретін функционал іске асырылған.

Семинардың бағдарламасы мазмұнға бай болды. Ұйымдастырушылар зерттелген материал бойынша қатысушылар арасында блиц-сауалнама, ақпараттық жүйелердің қауіп-қатер картасын әзірлеу әдістемесін бағалау бойынша байқау, Исикава диаграммасы көмегімен стандартты емес жағдайлардың негізгі себептеріне талдау жүргізді. Семинарға қатысушылар түрлі талдамалық мәселелерді шешуге арналған іскер ойында өздерін көрсетті.

Семинардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бірінші орын Шымкент қаласы филиалының, екіншісі Жамбыл, үшінші орынды Алматы филиалының өкілдері иемденді. Қызылордалық жол филиалының командасы белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

Станция, локомотивтер мен вагондық депо жұмысшыларына арналған осындай семинарлар мен техникалық сабақтар тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Поделиться:
Популярные новости
23 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

214 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

131 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер