Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1675 / 30.11.2017 00:00

Мемлекетаралық Сарыағаш-Келес түйісу бекетінде жүк айналымын өсіруге жағдай жасалуда

Сарыағаш станциясында ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ басшысы О. Кулаков пен «Узбекистон темир йуллари» АҚ Д. Дехкановпен кездесуінде 24 қарашада Ташкентте ҚР мен ӨР теміржол әкімшіліктері басшылары қол қойған Хаттаманың орындалуын талқылады.

Тараптар мемлекетаралық Сарыағаш-Келес түйісу бекетінде жүк айналымын өсіруге жағдай жасаудың мүмкіндіктерін қарастырды.

Хаттамаға қол қойылғаннан кейінгі бірнеше күнде Сарыағаш түйісу станциясында 61 жүк пойызы тапсырылды. Оның ішінде 20 астық және ұн тиелген тікелей бағдарлар Худжандқа -10, Галабаға -6, Хавастка-3,Термезге – бір пойыз жіберілді.

Қазақстан тарабы қараша айында берілген тапсырыстарға орай 1800 мың тонна жүкті Өзбекстан және Орта Азия бағдарына жіберу, оның ішінде Ауғанстанға 480 мың тонна астық пен ұн өнімдерін өткізу жүзеге асырылды. Алайда, технологиялық қиыншылықтарға байланысты Галаба және Хайратон станцияларынан тәулігіне 200 вагонды ғана өткізу мүмкін болып отыр. Бұл айына 400 мың тонна ғана жүк өткізге мүмкіндік әпереді. Осының салдарынан инфрақұрылымдық шектеулерден вагондардың жүгі түсірілмей тұрып қалады.

Айта кетерлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «KTZ Express» АҚ бірлесіп ұйымдастыруымен астық пен ұн өнімдері Өзбекстан және Ауғанстан бағдарларына бекітілген кесте бойынша Қазақстан аумағымен тәулігіне 820 шақырым жылдамдықпен өтуде. Бұл вагон айналымын едәуір қысқартып, жүк түсіру көлемін 2-3 есеге өсіруге ықпал етеді.

Өз кезегінде Өзбекстан тарабы теміржолшылардың Штабын құрып, Сарыағаш-Келес мемлекетаралық түйісу станциясында кеден және шекаралық қызмет өкілдері жүк пойыздарының тұрып қалуын болдырмауға күш салуда. Түйісу бекетіне тәулігіне үш жабық және астық тасымалдайтын бос пойыздары қайтарылуда.

ҚР мен ӨР теміржолшылары түйісу нүктесіндегі пойыз қоғалысын қалыпты сақтау мақсатында Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан бағдарындағы 1250 вагонның жүруін алдын ала ақпарат алмасып қайда жүрген тұрғанын біліп отыратын болады.

«ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
47 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

241 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

239 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер