ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздік...
Қазанның бастапқы он күндігінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ 2,9 миллион тонна көмір тасымалдады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6 пайызға жоғары көрсеткіш.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан көмір тасымалдауға қажетті жылжымалы құрамды уақытында берудің шаралары жасалуда. Тапсырыс берушілердің сұранысымен тәулігіне коммунальдық –тұрмыстық көмір 500 вагонға тиелуде. Қазіргі таңда компанияның паркінде 26045 вагон бар.
Қазан айының 11-іне дейін жүк жөнелтушілерден қазан айына 24665 вагонға сұраныс түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5954 жартылай вагонға артық көрсеткіш.
-ҚР Экономика министрлігінің сараптауына қарағанда, тұрмыстық- коммуналдық көмір тұтынушыларға жеткенше бірнеше деңгейлі делдалдық құрылымдардан өтіп, көтерме және бөлшек саудасы шарықтап кеткен. Соңғы тұтынушыға жеткенше бағасы екі үш есеге артып кетеді»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ департаментінің директоры Дәулетбек Нығметов.
Республиканың барлық өңірлерінде Шұбаркөл көміріне сұраныс жоғары. Ол негізінен Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарына жіберіледі. Ақмола облысына Шұбаркөл көмірінің екі пайызы жіберілген.
Қазан айының алғашқы онкүндігінде «Шұбаркөл көмір» АҚ тұрмыстық коммуналдық көмірі Ақмола облысына 11,5 мың тонна,
Қарағандыға – 18,1 мың тонна, Қостанайға-15,8 мың тонна, Оңтүстік Қазақстанға – 22,3 мың тонна, Алматы облысына -27,2 мың тонна, Астана қаласына -5 мың тонна, Алматы қаласына -5,8 мың тонна көлемінде жіберілді.
Биылғы 9 айда «ҚТЖ –Жүк тасымалы» АҚ 74,2 миллион тонна көмір тасымалдады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 18 пайызға жоғары көрсеткіш. Оның ішінде экспорттық тасымал көлемі 16 пайызға өскен. Ел ішіндегі бағдарларға былтырғыдан көмір тасымалы 18 пайызға артқандығы байқалды.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...
Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...