Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Астана пайдалану  локомотив депосы мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қарттар күні мерекесіне орай өткен мерекелік шарада колледж студенттері өнерлерін көрсетті.
1687 / 04.10.2017 00:00

Астана пайдалану локомотив депосы мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қарттар күні мерекесіне орай өткен мерекелік шарада колледж студенттері өнерлерін көрсетті.

Депоның директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Дастан Елеусізов қадірлі қарияларды мерекемен құттықтап, «...Сіздер салып кеткен сара жолға шаң жұқтырмай қызмет ету үшін әрдайым ақыл-кеңестеріңізге жүгінеміз. Сондықтан да жол көрсетер шамшырағымыз болып аман-есен жүре беріңіздер», деп жылы лебіз білдірді.

Мерекелік дастарханда бас қосқан ардагер теміржолшылар байырғы әріптестерін көріп, арқа-жарқа болып әңгіме-дүкен құрды. Кәсіподақ төрағасы Ринат Абайдилдинов қариялармен демалыс орындарына жолдама беру, ем-дом, материалдық көмек сынды мәселер төңірегінде әңгімелесті.

Жандары жадырап, көңілдері шалқыған қариялар атынан сөз алған ардагер теміржолшы Далабай Байғожин: « Бүгінгі отырыс керемет болды. Қарттарға керегі тек көңіл ғой. Осы шараны ұйымдастырушыларға алғыстан басқа айтарым жоқ», – деп ризашылығын білдірді.

«Қазақстан теміржолшысы» газеті

Поделиться:
Популярные новости
16 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

209 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

106 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер