Телефон доверия по противодействию коррупции: 8 (7172) 610318
КІРУ
Жаңалықтар

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС ғимараттары мен құрылыстарын ағымдағы жөндеу жоспары 90% орындалды 28.11.2023 385
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-ның 422 өндірістік нысанында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Павлодар локомотив пайдалану депосының ӨТБ, Екібастұз-1 локомотив депосының ҚКШ  және құбыры, Отар локомотив бригадаларының демалыс үйінің қазандық ғимараты, Шу локомотив депосының ӨБЖ ғимараты, Қызылорда локомотив депосының ӨТБ душ бөлмесі және басқалары жөнделді. Жөндеу жұмыстары 43 нысанда жалғасуда. 2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның барлық филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері бойынша 465 нысанда ғимараттар мен құрылыстарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Ауа-райының нашарлауына байланысты ҚХР-да жүктерді түсіру баяу жүріп жатыр 13.11.2023 931
Ағымдағы жылдың 13-18 қараша аралығында Алашаңқай шекаралық станцияда (ҚХР) жүктерді түсіру баяу жүргізілуде, осыған байланысты астық, өсімдік майы мен коксты тасымалдауға уақытша тыйым салынды. Бұл ретте жүк жөнелтушілер қарашаның екінші онкүндігінде тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін айыппұлдардан босатылды.
Достық станциясында экспорттық жүктерді беру бойынша ТЖЫҰ жылдық жоспары мерзімінен бұрын орындалды 13.11.2023 874
           2023 жылғы 13 қарашада Достық шекаралық өткелі арқылы Алашаңқай станциясына (ҚХР) салмағы 3700 тонна қазақстандық жүктер құрамы берілді. Осылайша, ҚХР-ға экспорттық жүктерді беру жөніндегі 2023 жылға арналған Теміржол ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) кеңесінде келісілген жоспар мерзімінен бұрын орындалды. Жыл басынан бері Достық станциясы арқылы ҚХР-ға 10 млн астам экспорттық жүк берілді. Экспортқа астық, көмір, кен, май, түйіршіктер, концентрат, мыс, калий, кокс, мырыш, феррохром, ферроқорытпа және басқалары артылды.
Ұлттық тасымалдаушының локомотив паркі қысқа дайын 12.11.2023 343
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС барлық филиалдарында локомотивтерді қысқы жағдайда жұмысқа дайындау жұмыстары аяқталды. Қысқа дайындық жүргізіліп жатқан күзгі комиссиялық тексеру осы жылдың 10 қыркүйегі мен 10 қарашасы аралығында жүргізілді.
Алматы бөлімшесінде үздік тауар кассирлері таңдалды 06.11.2023 353
Алматы жүк тасымалдау бөлімінде «Үздік тауар кассирі» атағына конкурс болып өтті. Конкурс мақсаты – жүк тасымалы саласында темір жол клиенттерімен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру. Тауар кассирлері төлемдердің уақтылы есептелуін қамтамасыз етіп, жүктерді қабылдау, тиеу және беру, сондай-ақ оларды қайта жіберу жөніндегі құжаттарды тексереді және ресімдейді.
10 айда 210 млн тоннадан астам жүк теміржолмен тасымалданды 05.11.2023 336
«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісіне ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында тиеу өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 2,1 млн тоннаға өсіп, 213,8 млн тоннаны құрады.
Қазақстан мен ҚХР Темір жол ынтымақтастығы ұйымының Жоспарын мерзімінен бұрын орындауды жоспарлап отыр 02.11.2023 357
Бейнеконференция форматында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС және «Үрімші темір жолы» ЖШҚ өкілдерінің Қазақстан мен Қытайдың шекаралық теміржол өткелдері арқылы пойыздарды кедергісіз қабылдау/беруді қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесуі болып өтті.
Теміржол арқылы астық тасымалдау 10 айда 24% өсті 02.11.2023 344
Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында теміржол көлігімен астық тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24% ұлғайды. 2023 жылдың 10 айында теміржолмен 9,4 млн тонна астық тасымалданды. Астық экспорты 29% өсіп, 7,7 млн тоннаны құрады. Ел ішінде 1,7 млн тонна тасымалданса, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4% артық.
Жүк жөнелтушілер мәлімделген көлемнен астық жүктерінің 30% астамын тасымалдауға өткізген жоқ 01.11.2023 335
Ағымдағы жылдың қазан айында теміржол көлігімен негізгі жоспармен 1,3 млн тонна астық тасымалдау жоспарланған болатын. Алайда жүк жөнелтушілер тасымалдауға тек 900 мың тоннадан астам астық ұсынды, бұл мәлімделген көлемнің 69% құрайды.
Арқалық станциясына көмірді темір жол көлігімен жеткізу толық көлемде жүзеге асырылды 01.11.2023 132
Арқалық станциясының теміржол тұйығына қатты отын жеткізуге арналған вагондардың жетіспеушілігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазан айында көмірді тасымалдау жоспары 100% орындалып, 96 вагон жеткізіліп берілді. Шұбаркөл маркалы көмір тасымалы 8% өсті.
Теміржолшылар балалары арасындағы шахмат турнирі аяқталды 31.10.2023 142
Шахматтан балалар турниріне 10-13 жас аралығындағы 24 жас гроссмейстер қатысып, өңірлік іріктеу жарыстарында ақ-қара тақтада үздік атанды. Теміржолшылар балалары арасындағы турнирдің бастамашысы және ұйымдастырушысы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» – «Теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ҚБ филиалы.
2024 жылға ТМД елдері темір жолдарының халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауға арналған тарифтік саясаты қабылданды 30.10.2023 114
Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Тарифтік келісіміне қатысушы теміржол әкімшіліктерінің ХХХІІ тарифтік конференциясы болып өтті.
ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларын жеткізуді реттейді 29.10.2023 113
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-да ел ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (астық, ұнтақ өнімдері, қант, май, көкөністер және т.б.) жеткізуді жедел реттеу бойынша кезекті селекторлық кеңес болып өтті. Оған ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, әкімдіктер, салалық қауымдастықтар, өңірлердің ұн тарту операторлары қатысты.
ҚТЖ сұйытылған газ бен мұнай өнімдерін үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуде 27.10.2023 141
Мұнай өңдеу зауыттарынан жүктерді тасымалдауға арналған барлық өтінімдер 100% қамтамасыз етіліп, тиеу станцияларына жақындағанда цистерналардың үш тәуліктік қоры жинақталды.
ҚТЖ-да рационализаторлықты дамытудың жаңа тетіктері ұсынылды 26.10.2023 114
«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалы базасында Республика күні қарсаңында «Жаңашылдық - өсу перспективалары» тақырыбында рационализаторлар кеңесі болып өтті. Оның қорытындысы бойынша – «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қамқор вагон» ЖШС және «Қамқор локомотив» ЖШС арасында рационализаторлық қызмет саласында даму және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды.
ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларын тасымалдаудың тәуліктік мониторингін жүргізеді 25.10.2023 118
Күн сайын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша ел ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (астық, ұнтақ өнімдері, қант, май, көкөністер және т.б.) жеткізуді жедел реттеу үшін селекторлық кеңестер өткізеді. Кездесулер мүдделі мемлекеттік органдар, әкімдіктер өкілдерінің, өңірлердің ұн тартушы операторларының қатысуымен өтеді.
Мойынты – Шу: теміржол желісінің ашылғанына 70 жыл 22.10.2023 157
Шу қаласында теміржол саласы ардагерлерінің бастамасымен Шу – Мойынты теміржол желісінің құрылысы аяқталғанына 70 жыл толуына орай көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
ҚТЖ: 2023 жылы локомотивтерді ірі сатып алу жүргізілді 18.10.2023 151
Инвестициялық бағдарлама шеңберінде ҚТЖ-ның еншілес ұйымы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотив паркін жоспарлы жаңартуды жүргізуде. 2023 жылдың басынан бастап 86 заманауи локомотив сатып алынды. Оның ішінде ТЭ33АС сериялы 55 тепловоз, 2ТЭ25КМ сериялы 14 тепловоз және KZ8А сериялы 17 электровоз бар.
ҚТЖ: жүк пойыздары кесте бойынша жүреді 17.10.2023 143
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де рейстік моделі (қатты жіптер) бойынша пойыздарды өткізу технологиясы енгізілді.
Достық станциясында жүк пойыздарын берудің рекордтық көрсеткішіне қол жеткізілді 17.10.2023 152
Достық – Алашаңқай шекаралық теміржол өткелі арқылы ҚХР-ға экспорттық жүк ағынының өсімі сақталуда.

1 - 20 из 591
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец